Kyzylorda-news.kz Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева елімізде TikTok-тың балаларға әсері туралы пікір айтты, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның айтуынша, кез келген зиянды мазмұндағы контент балаларға да, ересектерге де кері әсер етеді.

- Бұл тұрғыда TikTok-ты жасаған Қытайда балаларға осы желіні күніне 40 минут қана пайдалануға рұқсат етілген. Сонымен қатар, онда контентке шектеу қойылған, яғни балаға тек білім беру мен дамуға арналған материалдар ғана көрсетіледі, - деді Наталья Жұмаділдаева Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол TikTok-қа елімізде шектеу қою мүмкіндігіне қатысты түсінік берді.

- Әрине, заңнама аясында мұндай бастамаларды қолдайтын боламыз, - деді бірінші вице-министр.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: