Kyzylorda-news.kz  Талғардың шетінен Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицейлердің мәліметінше, 30 жастағы ер адамның денесі Талғар қаласының маңынан табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.

"Марқұм Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Тергеу сатысында қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ", – делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті марқұм Шерзаттың отбасы үнемі полицияның қорғауында екенін атап өтті. Осы уақытта марқұмның отбасына қауіп төндіру фактілері тіркелмеген.

"Қауіпсіздік қызметкерлерінің түсініктемесі бойынша, ер адамның күзетілетін нысаннан кешкі сағат 23:30-да өз көлігімен шығып кеткен. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", – деп қосты полиция.

Полиция тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды және жалған ақпарат тарату жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салады.

“Нұрғанаттың және Шерзаттың отбасына көңіл айтамыз”, – деп жазылған Шерзат үшін ашылған парақшада.

Айта кетейік, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмған еді. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Болаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. Ішкі істер министрлігі Шерзаттың өліміне қатысты 10 адам күдікті деп танылып, бес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік жасөспірімді өлтірді деп айыпталған күдіктілер арасында бұрын сотталғандар бар екенін де растады. 

Фото: stan.kz

Тағы да оқыңыз: