Kyzylorda-news.kz Жаңақорған ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нуридиновтың төрағалығымен жиын өтті. Күн тәртібінде «Мерзімді әскери қызметке шақыру» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» мәселелері қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Жолдасбек Әбдібекұлы 2025 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының жүргізілу барысы жөнінде баяндама жасады. Аталған мәселеге байланысты Бектас Балғабайұлы әскерге шақыру жоспарының толық әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ауданымызда іске асу жағдайы болды. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық емхананың бас дәрігері Марат Ршымбетов баяндады.
Бұл мәселеге қатысты Марат Құбылұлына сақтандыру жүйесінде мәртебесі анықталмаған және сақтандырылмаған тұрғындар санының артуына байланысты тиісті шараларды күшейту жүктелді. Атап айтқанда, кент және ауылдық округтер бойынша сақтандырылмаған азаматтардың нақты тізімін қалыптастырып, жергілікті әкімдермен бірлесіп, олардың мәртебесін өзектендіру мен сақтандыру жүйесіне қатысуын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

