Kyzylorda-news.kz. Өзбекстан прокуратурасы Қарақалпақстанда болған тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан мен жараланған адамдардың санын айтты, деп хабарлайды Podrobno.uz.

Өзбекстан прокуратурасының мәліметінше, Қарақалпақстандағы халық толқуы кезінде 18 адам қаза тауып, 94 адам жарақат алған.

Ал Қарақалпақcтан автономиясының Денсаулық сақтау министрлігі 243 адам жарақат алғанын, оның ішінде 38 құқық қорғау органдарының қызметкерлері барын айтқан.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің басшысы Даврон Жұманазаровтың мәліметінше, 1 және 2 шілдеде Нүкүсте болған шерулер кезінде 516 адам ұсталған. Ал 110 азамат 3 шілдеден 4 шілдеге қараған түні коменданттық сағат кезінде көшеде қолға түскен.

Тағы да оқыңыз: