Kyzylorda-news.kz. Өзбекстан Қазақстанға Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 209 маман мен 169 техника жіберді.
Президенттің кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов бастаған Өзбекстан делегациясы төтенше жағдайды жою бойынша қажетті шараларды анықтау үшін Қазақстанның Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аудандарды аралады.
Су тасқынының алдын алу үшін Қазақстанға көрші мемлекеттің Төтенше жағдайлар министрлігінің 209 маманы және 169 бірлік ауылшаруашылық, инженерлік және өрт-құтқару техникасы жіберілген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанмен шекаралас Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Сардоба су қоймасынан бөгеттің жарылуына байланысты төрт ауыл су астында қалғандығы туралы хабарлаған едік. Бірнеше мың тұрғын эвакуацияланды.