Kyzylorda-news.kz Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы қазақ боксшыларына өкпелі.

Бұл туралы Сырлыгүл Шойбекова “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Өзбектерді жамандап, көре алмай жатқандар бар ғой. Көре алмаушылық деген болмауы керек. Олар – біздің көршіміз. Өздерінің еңбегімен жетістікке жетіп жатқан шығар. Әр Олимпиада алдында өзбек боксшылары үйіме келеді. Бір жылдары үлкен автобуспен түгелдей келіп, дастарханымнан дәм ауыз тиіп, менен бата алып кетті. Жыл сайын келіп тұрады, биыл да келіп кетті. Ал биыл мен өз бала-шағамды көрмедім. Мен боксшыларды бала-шағам деймін. Бақтияр Артаевтан басқа ешкімді көрмеппін. Міне, 24 жыл болды ғой, — деді Бекзат Саттархановтың анасы.

Еске сала кетейік, Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында бокстан Өзбекстан ерлер құрамасы 5 алтын медаль жеңіп алды. Ал Қазақстанның ерлер құрамасы елге 1 күміс жүлдемен оралды.

Фото: Caravan.kz

Тағы да оқыңыз: