Өтпелі кезең ерекшеліктері қандай? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Өтпелі кезең ерекшеліктері қандай?

22.02.2020, 16:00

124 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан әлемде өз-өзіне қол жұмсаушылар саны бойынша үшінші орында. Соның ішінде, 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің өзіне қол салуы жиі кездеседі. Басты себебі ретінде баланың ата-анамен қарым қатынасы мен болашаққа деген үміттің болмауы көрсетілген. Ғылымда бұл жас аралығын өтпелі кезең деп аталады. Баланың көңіл-күйі құбылмалы болатыны жасырын емес.

Өтпелі кезең қай жас аралығында өтеді?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметіне сәйкес өтпелі кезең 10 жастан басталып, 19 жасқа дейін жалғасады. Бұл уақытта баланың жыныстық жетілуі, дене пішінің өзгеріс мен психологиялық дамуы жүреді. 

Балалық шақтан ересек өмірге өту үш кезеңге жіктеледі: бастапқы, ортаңғы, соңғы. 

Бастапқы кезең: 10–14 жас

Бұл уақытта жыныстық жетіліп, физикалық дамиды. Қыздарда гормонды өзгерістер ер балаларға қараған 1–2 жыл ерте басталып, 3 жылға созылады. Ер балаларда 4 жыл уақытта алады.  Бастапқы кезеңде жасөспірім тек бүгінгі күнмен өмір сүреді. Оларды әрекетінің болашаққа қалай әсер ететіні қызықтырмайды. Көңіл-күйлері құбылмалы болатындықтан, күйзеліске ұшырау жиі кездеседі. Олардың ортасы кеңейе бастайды: отбасы мен жақын достарынан бөлек, жаңа адамдармен тілдесуге құштарлығы артады.

Ортаңғы кезең: 15–17 жас

Бұл уақытта жыныстық жетілу тоқтайды. Қыздардың бойының өсуі баяулап, керісінше, ер балалар да жылдамдай түседі. Психологиялық тұрғыдан қиын мәселелерді шешіп қана қоймай, болашаққа жоспар құра алады. Олар отбасыдан алшақтап, еркіндікті қалайды. Соған қарамастан, ата-ананың беретін қамқорлығы мен қолдауы жасөспірімдердің өмірінде маңызды бола түседі. Жасөспірім өзінің құрдастарының ойына тәуелді бола түседі. 

Соңғы кезең: 18 жастан кейін

Бұл кезең 21, кейде тіпті 24 жасқа дейін созылады. Соңғы кезеңде жастар саналы шешім қабылдайды, эмоциялық тұрақтылыққа ие болады. Олардың өз бетімен өмір сүруге қабілеті артады.

Өтпелі кезең ерекшеліктері:

Бұл уақытта жасөсіпірім екі жақтан түсетін күшті қатар алып жүруге мәжбүр. Бірінші гормондар ойнаса, екінші жағынан олар психологиялық жетілу кезеңінен өтеді. Өтпелі кезеңде орын алатын өзгерістер мынадай: 

• Олар өзге біреудің ықпалымен бұрыс шешім қабылдауға қабілетті.

• Олардың есте сақтау қабілеті нашарлайды. Сондықтан, оқу үлгерімі де нашарлауы әбден мүмкін.

• Жазалау әдісі оларға кері әсірен тигізеді.  

• Олар «нағыз» өздерін іздеумен болады. Сондықтан, шашын бояу, тату жасату, ашық киіну секілді нашар қылықтар шығаруы мүмкін. 

Жасөспіріммен қалай тілдесу керек?

Өтпелі кезеңнен қашып құтылу мүмкін емес. Егер бала есейген сайын ата-анадан алшақтай бастаса уайымдаудың қажет жоқ. Бұл – қалыпты құбылыс. Сондықтан балаға еркіндік сыйлап, өз бетімен өмір сүруге дайынған дұрыс. 

Баланың хоббиіне қызығушылық таныту

Егер жасөсіпірм ата-анасымен қызығушылықтары туралы сөйлессе, қуанған жөн. Демек, гормонды өзгерістерге қарамастан олардың арасында байланыс сақталып қалған. Бұл уақытта ата-ана барынша баланың хоббиі мен таңдауына сыйластық білдіргені дұрыс. 

Сынға алмау

Күн сайын өзгеретін баланың «жаңа» денесіне сын айтудан аулақ болу керек. «Иығың үлкен», «аяғың жалпақ», «толып кетіпсің» деген сөздер баланың бүгіні мен болашақ өміріне қатты әсер етеді. Олар өзін қабылдай алмайды. Өзгелермен салыстыру арқылы ата-ана баланың сенімін жоғалтып алады. 

Сұрақтар және кеңестермен мезі етпеу

Шектен тыс өбектеу, орынсыз кеңестер мен бітпейтін сұрақтар жасөспірімнің шамына тиеді. Егер сұраққа қалай болса, солай жауап берсе, тілдесу әдісін өзгерту керек.

Балаға өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік беру арқылы онымен дұрыс қарым-қатынасты сақтап қалуға балады. Жасөспірім шақта онымен ересек адамдарша ақылдасу, сөйлесу болашақта өз жемісін береді.
Massaget.kz

0

Пікір қалдыру