Kyzylorda-news.kz Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта жазылған.

«Өткен жылы Жаңақорған кентінде 50 отбасы баспанаға ие болды. Биыл 150-ге тартатұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жаңақорған кенті мен Жаңарық елді мекенінде құрылыс басталды. Жаңа білім ордалары алдағы оқу жылында іске қосылады», – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Жаңақорғанда денсаулық саласына да ден қойған. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Қаратөбе ауылында дәрігерлік амбулатория салынды. Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсекке арналған ауылдық аурухана құрылысына қаражат бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Келінтөбе ауылында спорт кешені салынуда.

Инфра құрылымды дамыту – тұрғындардың тұрмысын жақсартудың маңызды қадамы. Бұл бағытта Жаңақорған ауданында жүйелі жұмыстар бар. Сүттіқұдық, Жайылма, Қожамберді елді мекендеріне орталықтандырылған ауызсу жеткізілді. Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден елді мекендері табиғи газға қосылды. Төменары қауылына «көгілдір отын» тартылуда. Ауданда 1 млрд теңгеден астам қаржыға 40 шақырым болатын 38 көше жөндеуден өтсе, енді 13 елді мекеннің көшелері жөнделеді.

Былтыр Келінтөбе, Қожакент, Еңбек елді мекендерінің электр желісі жаңартылды, 6 елді мекенде (Сүттіқұдық, Қандөз, М. Нәлібаев, Әбдіғаппар, Құттықожа, Манап) осындайжұмыскүтілуде.

Айта кетейік, кеше Жаңақорған ауданында тәулік бойы жұмыс жасайтын кітапханалары бар «Руханият» орталығының құрылысы басталды.

Тағы да оқыңыз: