Kyzylorda-news.kz. Өткен аптада өңірде 7 төтенше жағдай тіркелген. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының бастығы Әлімжан Марданов жеткізді.
Оның 7-еуі техногендік сипаттағы. Құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 55 рет шыққан. 3 адам (2 бала) құтқарылған.
112 құтқару қызметіне 2539 қоңырау келіп түскен және 6 дауыл жөнінде ескерту жіберілген.