Kyzylorda-news.kz  «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы партияның облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар "Мерей" мөлтек ауданындағы жаяу жүргіншілер жолы нашар екенін, одан бөлек балалар ойын сауық алаңдарының тозығы жетіп ескіргенін, мөлтек ауданындағы №16 көпқабатты тұрғын ұй жертөлесінен шығып жатқан жағымсыз иістің барын тілге тиек етті. Сондай-ақ, қаладағы кәсіпкерлік нысандар дүкендер мен мейрамханалардағы атаулардың ағылшын және орыс тілінде жазылғанына наразы екендіктерін жеткізді.

Одан бөлек, қабылдауға келген тұрғындар қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жайлы ұсыныстарын айтты. Жаңақорған ауданынан келген азаматтар Сунақ ата ауылындағы 20 тұрғынның жер үлестерін анықтай алмай жатқандығын айтып, мәселеге ықпал етуді сұрады. Құрылысшы азаматтар өздеріне тиеслі еңбек жалақыларының мердігер мекеменің төлемей жатқанынына наразылықтарын айтып шағымданды. Қабылдауға "Саяхат" мөлтек ауданынан келген тұрғын мөлтек ауданда кіші көлшік барын, оған қаладан үлкен жүк көліктері келіп қоқыс тастап, ауаны ластап жатқандықтарын айтты.

"Мерей" мөлтек ауданынның тұрғындары білдірген өтініштер сол ауданнан сайланған депутаттармен бірлесе отырып тиісті жұмыстар атқарылатыны түсіндірілді. Сунақ ата ауылындағы тұрғындар мәселесі бойынша Жаңақорған аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің қызметкерімен ЗУМ арқылы бейне байланыс орнатылып, тұрғындар өтініші аудан әкімінің қарауына жолданатыны айтылды. Саяхат мөлтек ауданының тұрғынының және де еңбек дауына қатысты өтініштер бойынша заңға сәйкес партия филиалы атына жазбаша арыз жазу ұсынылды.

Әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған филиал төрағасы әрбір мәселені тікелей бақылауына алып, нәтижелі жұмыс жасалатындығын жеткізді. 

Тағы да оқыңыз: