Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов жеке тұрғын үйден өрт шығуына байланысты баспанасы тұруға жарамсыз күйге түскен отбасының жағдайымен танысты.
Кездесуде аудан әкімі отбасы мүшелерімен тілдесіп, қажетті қолдау шаралары туралы пікір алмасты.
Сондай-ақ жан-жақты материалдық көмек көрсету, алдағы уақытта баспанамен қамтамасыз ету мәселесін зерделеу бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, қазіргі таңда отбасыға кент аумағынан уақытша тұру үшін баспана берілді. Аталған мәселе аудан әкімінің тікелей бақылауында.
