Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы «Жалаңтөс Баһадур Сейітқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ жатақханасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. 

Бұл жатақханада 250 тәрбиеленуші тұрады. Мектеп-интернат кешенінің құрамына оқу ғимараты, жатақхана, асхана, көкөніс қоймасы, шаруашылық корпусы және гараждар кіреді.

Оқу-жаттығудың тактикалық жоспары бойынша өрт үшінші қабаттағы жатақхана бөлмелерінің бірінде орын алып жатқаны туралы хабарлама сағат 16-дан 15 минут өткенде «112» құтқару қызметіне түсті. Аталған шақырту бойынша Өрт сөндіру қызметінен арнайы күш-құралдар жұмылдырылды. Ал қажетті көмек келгенше интернат қызметкерлеріне балаларды ғимараттың корпусынан шығару үшін бес минуттан аз уақыт қажет болды. Жедел жеткен өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізді. Газ-түтінен қорғау буыны ғимараттың ішінде қалған 4 зардап шеккен оқушыны ғимараттан сыртқа алып шықты. 
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жедел топтар мен арнайы қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау.

Оқу-жаттығуға 63 қызметкер 8 техникасымен жұмылдырылды. Сонымен қатар оқу-жаттығуға жергілікті полиция қызметкерлері, медициналық апаттар орталығы, газ және электр желісінің бригадалары қатысты.

Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Н.Исанов аталмыш өрт-тактикалық оқу-жаттығуға оң бағасын беріп, мұндай шараларды жиі өткізу өрт сөндірушілердің кәсіби дағдыларды дамытатынын айтты. 
 

10.jpeg13.jpeg11.jpeg8.jpeg7.jpeg12.jpeg

Тағы да оқыңыз: