Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Пригородный» орманшылығының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу мақсатында жиын ұйымдастырылды.
Оған Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының, Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметінің», уәкілетті органдардың, ұйымдардың өкілдері қатысты. Онда өзара іс-қимыл алгоритмі нақтыланды, “Орман, дала өртін сөндірудің” өрт-тактикасы түсіндірілді. Сонымен бірге Азаматтық қорғаныс құрылымдарының ауқымды орман-дала өртін сөндірудегі атқаратын жұмысы мен қызметі пысықталды.