Kyzylorda-news.kz Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық өрт сөндіру бөлімінің, орман шаруашылығы мекемесі, «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы және жергілікті атқарушы орган мен медицина қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – өрт қауіпі арта түсетін жазғы маусымда дала алқаптарында орын алатын өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру кезінде қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру мен бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болып табылады.

Арал оқу-жаттығу жиыны 4.jpg

Жұмылдырылған қызметтердің жеке құрамы мен құрал-жабдықтарына қарау жұмыстарынан кейін, практикалық іс-қимылдарға ұласып, оқу-жаттығу желісі бойынша орман шаруашылығы мекемесінің аумағында орын алған ықтималды өрт оқиғасы уақытылы ауыздықталды.

Оқу-жаттығуға барлығы 15 техника, 83 қызметкер жұмылдырылды.

Арал оқу-жаттығу жиыны 2.jpg

Тағы да оқыңыз: