Kyzylorda-news.kz. Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико-химиялық процесс.
Жазғы демалыс мезгілі бұл – өрттер және басқа да төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары қауіпті кезеңі. Жаз айларында балалар көп уақытын лагерь мен демалыс орындарында өткізеді. Демалысын қызықты өткізіп жатқан балаларға өрт қауіпсіздігі ережесі туралы мағұлмат бергеннің артықтығы жоқ.
Осы орайда Сырдария ауданы №12 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Ермұрат Еркінұлы мен бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Абзал Сәндібекұлы «Жалын» лагерінде «Балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері» атты ашық сабақ өткізді.
Аталған сабақтың мақсаты – балаларды өрт қауіпсіздігінің басты ережелеріне үйрету, өрт сөндіруші мамандығы туралы мағұлмат беру болды.
– Балалардың қауіпсіздігін сақтау аса маңызды. Әсіресе жаз мезгілінде лагерлерде демалыс барысында балалар қауіпсіздігін назардан бір сәтке де тыс қалдыруға болмайды. Осы мақсатта бүгінгі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Өкінішке орай, статистикада балалардың ықпалымен болатын өрттер, балалар өлімі орын алып жатқан өрттер жиі болып жатқанын көрсетуде. Балаларға өрт қауіпсіздігі жайында не білу қажет? Қай жастан бастап балаларды өрт кезінде емес, жану жағдайы кезінде өзін ұстау ережелеріне үйрету керек? Осындай сұақтардың жауабы: балалық шақтан бастап балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету керек. Мұндай ережелерді балаларға өз іс-әрекеттерін түсіне бастаған шақтан үйреткен дұрыс. Бастысы балаға ашық от өте қауіпті екенін, от жарақаттайтынын, ауыртатынын, тіпті адам өліміне әкеп соқтыру мүмкін екенін түсіндіру қажет. Бала жану және өрт жағдайлары болмау үшін өзін қалай ұстау керектігін немесе жану кезінде не істеу, не істемеу керектігін білуі тиіс. Өрт шыққан кезде қалай сасқалақтап қалмау керектігін балаларға үйрету біздің міндетіміз, – деген арнайы мамандар балаларға дәріс оқып, түсіндірді.
Сабақ барысында сонымен қатар балалардың сіріңкемен және басқа да жеңіл тұтанғыш заттармен ойнауы қайғылы жағдайларға әкеп соқтыратыны айтылды. Одан кейін балалар өз сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды. Мамандармен арнайы суретке түсуді де ұмыт қалдырмады.
Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиілеп кеткені баршамызға аян. Осыған орай балалар қауіпсіздігін басты назарда ұстап, оларға қамқор болу маңызды.