Kyzylorda-news.kz  «AMANAT»   Партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция және партиялық бақылау кеңесінің мүшелері жаз мезгілінде аймақтағы өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мақсатында облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің материалдық-техникалық жабдықталуына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Ұжым қызметкерлерімен кездесіп, жұмысты жетілдіру бағытында олардың ұсыныс - пікірлерін тыңдады.

Аталмыш мекеме мемлекеттік орман қоры жерлерінің шекарасында, орманды қорғау, сақтау және өсімін молайту функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

Мекемеге қарасты мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі838,022 гектар оның 707612,9 гектары орманмен көмкерілген және 130409,1 гектары орман жерлер болып табылады. Қазіргі таңда мекмеде 8 орман өрт сөндіруші жұмыс жасайды. Өртке қарсы 2 дана өрт сөндіру авто көлігі, 1 дана мотопомпа бар. Бақылау жұмыстары мен жылдам хабар алмасуға негізделген мекемеге қарасты 3 өрт бақылау мұнарасы, 55 дана қолға ұстап жүретін рация және 1 дана стационарлы радиостанция қолданыста бар. Бұл үшін мотоцикл көлігіде сатып алынған. Жергілікті Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Мекеме басшысы Сейілбек Таймановтың айтуынша құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрттің болуы қауіптілігі неғұрлым жоғарылайды. Сондықтан осындай аумақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Орманды, дала алқаптарда өрттердің себептері әртүрлі: демалыс орнында қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды. Осыған орай ауа райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайлардың, өрттің алдын-алу бағытындағы шаралар ұйымдастырылуда.

Мониторинг барысында ұжым қызметкерлері тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер назарға алынып, тиісті жұмыс жасалатын болды.

Тағы да оқыңыз: