Kyzylorda-news.kz. Түрлі бағыттар бойынша практикалық және қазіргі заманғы тәжірибені беру үшін үздік менторларды жинақтап, жастармен диалог алаңдарын қалыптастыру, олардың бизнес-идеяларына қолдау көрсету, жастарға бағытталған мемлекеттік қолдау алуға кеңес беру мақсатына бағытталған «Өрлеу» жобасы аясында кездесу өтті.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Jastar ruhy» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен келелі кездесуде білім алушы студент және ауыл жастарының әлеуетін дамытуға арналған бірнеше бағыттар жайы сөз болды.
Басқосуда «Өрлеу» жобаның облыс бойынша жасменторы Серікбай Нұрбол қатысушылармен пікір алмасып, көшбасшылық бойынша тренинг ұйымдастырды.

 Қазіргі қоғамда бәсекеге қабілетті жас сұранысқа ие маман. Мемлекет басшысы атап өткендей, жастар үнемі бір орында отырмай, өзін одан әрі жетілдіріп отыру керек. Бір ғана мамандықтың иесі болып қана қоймай, жан-жақты дами отырып білім алуға дағдыланған жөн, – деді жасментор Нұрбол Серікбай.

Кездесуге қатысушы Акерке Бақыт тренинг барысында жоба жазу бойынша инсайт жинақтайтынын және алдағы уақытта мемлекеттік шағын гранттар байқауына қатысуға ниетті екенін жеткізді.

862b2d17-faeb-48b6-b0ce-634b20af30d4.jpg

Тағы да оқыңыз: