Kyzylorda-news.kz. Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің конкурстық іріктеуден сәтті өткен «Өркен» білім грант иегерлері үшін бағдарлау аптасы басталды.

Жаңа оқу жылының алдында ұйымдастырылған бейімдеу апталығының алғашқы күнінде жас өрендер мектепті аралап, оның материалдық-техникалық мүмкіндіктерін көзбен көрді. Өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары білім ордасы туралы қызықты деректер мен тәрбие бағытындағы жұмыстар туралы таныстырылым жасап, сауалдарына жауап берді.

«Мені математика, тілдер, биология, химия пәндері ерекше қызықтырады. Бұл мектеп маған әртүрлі бағытта заманауи білім беріп, өз-өзімді дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын», – дейді Сұңқар Әбсәләм.

Ертеңнен бастап оқушылар үшін тілдік және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқу сабақтары басталады. Ұстаздар шәкірттеріне NIS бағдарламасына шеңберінде білім беріп, жаңа оқу жылына дайындайды.

«NIS-те үздік білім алып, еліміздің дамуына үн қосқым келеді. Химия, биология және математика ғылымдарына деген қызығушылығым ерекше. Мектептің озық тәжірибесі келешекте менің дамуыма, білімді болуыма, алға қойған жоспарларымды іске асыруға көмектеседі», – дейді Айзере Жақыпбек.

Тағы да оқыңыз: