Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында өнім берушілердің қатысуымен “Бірыңғай мемлекеттік тапсырыс” аясындағы жаңа пилоттық жоба бойынша ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.
Аталған жиынға Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Артаев Бахтияр Ғарифоллаұлы, басқарма басшысының орынбасары Серік Айдарбекұлы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық білім басқармасы, сондай-ақ облыстық жұмылдыру дайындығының, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының, Қызылорда облыстық полиция департаментінің және мемлекеттік кірістер департаментінің салалық өкілдері қатысты.
Жиынның басты мақсаты – 2025 жылдың 1 маусымынан бастап іске қосылған «Қызмет алушылардың дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру» жөніндегі пилоттық жобаның жалпы ережесі мен басты талаптарын халыққа кеңінен түсіндіру болып табылады.
Өнім берушілерге жобаның іске асу алгоритмі, негізгі ережелері, талаптары мен шарттары жан-жақты түсіндіріліп, ұсынылған өзгерістер бойынша өзара пікір алмасты.
Бұл жоба аясында балалардың қосымша білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік тапсырысты тиімді ұйымдастыру көзделіп отыр.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары барлық аудан мен қалада жалғасын табатын болады.