Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен өңірлік этномәдени бірлестіктердің мүшелері жаңа оқу жылы қарсаңында республикалық «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты.

Тамыздың алғашқы күнінен бастап қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын шара «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!» ұранымен өтуде.

Қызылорда қаласы және барлық аудандарда 100-ге жуық көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтары толықтай қамтылған сөмкелерді табыстады.

Жыл сайын тамылжыған тамыздан бастап, қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын биылғы науқанға облыстық ассамблея және этномәдени бірлестік өкілдері бір кісідей жұмыла кірісіп, елдік пен кеңдіктің үлгісін көрсетті. Ата-аналардың алғысын алып, ризашылығына бөленді.

Айта кетейік, бүгінгі күні «Мектепке жол» акциясы республика көлемінде кең тараған. Жыл өткен сайын акцияға атсалысушы мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлерде көбейіп келеді.

Айта кетейік, акция басталған 15 жылдың ішінде облыс бойынша демеушілер есебінен 200 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге материалдық көмек көрсетілген. Оның ішінде, былтыр «Мектепке жол» акциясы шеңберінде 5 мыңға жуық балаға материалдық көмек берілген.

Тағы да оқыңыз: