Kyzylorda-news.kz. Достық үйінде Қызылорда облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің кезекті отырысы өтті. 

Отырысқа Қызылорда облысы бойынша «ҚХА-ның Кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қудияров, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай және бірлестіктің белсенді мүшелері қатысты. 

Отырыста кәсіпкерлер қауымдастығы жұмысының жоспары талқыланып, ұсыныс, пікірлер тыңдалды. 

Экономикалық дамудың басты тетігі – шағын және орта бизнесті қолдау қажет екендігі айтылды. Бұл бағытта жұмысты жандандыру және құрылыс пен білім саласындағы түйіткілді мәселелер қозғалды. 

Айта кету керек, «ҚХА-ның Кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі кәсіпкерлер үшін тәжірибе алмасуға, өз идеяларын ұсынуға, пайдалы байланыстар жасауға, қауымдастық, оның жұмыс бағыттары туралы ақпарат алуға, өзекті мәселелерді талқылауға, бизнесті дамыту саласында пайдалы білім алуға мүмкіндік береді. Өңірлік қауымдастық бірлестігінің отырысы әр тоқсан сайын өткізіліп, онда кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағыттары талқыланатын болады. 

Тағы да оқыңыз: