Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында «Өңірлік-ҚАРУ» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында қарудың заңсыз айналымының жолын кесу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде.
Сегіз күн ішінде өңірде 5704 қару иесі тексеріліп, қару айналымы саласында 51 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан ішкі істер органдарында тіркелмеген 6 тегіс ұңғылы қару тәркіленді.
Қаруды сақтау талаптарын бұзған 32 азамат, ал қаруды тасымалдау және тіркеу талаптарын сақтамаған 13 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарды қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және тіркеу талаптарын қатаң сақтауға шақырып, профилактикалық жұмыстардың тұрақты түрде жалғасатынын хабарлады.
Фото: polisia.kz
