Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында Өңірлік ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Нұриддин Аманқұл жүргізді. Кеңес барысында өңірдің ғылыми-инновациялық әлеуетін дамыту, ғылым мен өндіріс байланысын нығайту және ірі инвестициялық жобаларды кадрлық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Отырыс барысында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Елена Шевченко онлайн форматта баяндама жасап, Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысының қорытындылары мен қабылданған шешімдерін іске асыру бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мөлдір Тәуіпбаева өңірлік ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының басым бағыттарын бекіту мәселесі бойынша баяндама жасады.

Кеңесте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов өңірдің ірі инвестициялық жобаларына қажетті кадрлар даярлау туралы баяндады. Университет басшысы оқу орнында еңбек нарығының сұранысына сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңғырту, халықаралық серіктестік аясында қос дипломды және бірлескен бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ өндіріс орындарымен дуалды оқыту жүйесін кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Сонымен қатар, өңірдің инженерия, құрылыс, агроөнеркәсіп, геология, цифрлық технологиялар және су ресурстары салалары бойынша білікті мамандар даярлауға университеттің әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті.

Кеңес соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.

Өңірлік ғылыми кеңес 2.jpeg

Тағы да оқыңыз: