Kyzylorda-news.kz Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірлік құқық қорғау органдары басшыларымен бірге облыс аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Атап айтқанда, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал, Шиелі және Жаңақорған аудандарының халқын толғандыратын өзекті мәселелер бойынша қоғамдық қабылдаулар өтті.

Осы іс-шараларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментің басшысы Қ.Ахметқалиев қатысып, жергілікті тұрғындарды жеке қабылдады. Сұрақтарына жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жеке қабылдауға келген әрбір азамат қазаң талаптарын түсіндіріліп, мәселені шешу жолдарының бағыт-бағдары көрсетілді.

Тағы да оқыңыз: