Kyzylorda-news.kz. Биылғы «Үздік мейіргер-2024» атағын №4 қалалық емханының мейіргері Балнұр Күмісбай жеңіп алды.

Ол Қызылорда медициналық жоғарғы колледжінде оқыған. 2019 жылдан бері №4 қалалық емханаға аймақтық мейірбике мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Отбасылы, ата-ененің қолында адал келін, 2 қыздың аяулы анасы.

Қазір Тасбөгет кентіндегі 16-аймақ мейірбикесі болып жұмыс жасайды. Аймақта 1400 адам, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 600 бала тіркелген. «Д» есепте тұратын науқас саны – 700-ге жетеді.

Балнұр талантты, білімді, қатарластарының алды десек болады. Әрбір ісіне жауапкершілікпен қарайды. Өйткені, атқарып жатқан қызметі немқұрайлықты кешірмейтіндігін жақсы түсінеді. Сондықтан алдына келген әрбір жанға мейірімділікпен қарап, олардың сауығуы жолында барынша қызмет етуде.

Білімі мен шеберлігі бар, ісімен жан-жақты, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін ерекше мамандық иелері – мейіргерлердің  денсаулық сақтау жүйесінің алға жылжуына қосып отырған үлестері орасан екенін айта кеткен жөн. Аталған мамандық иелерін тек қана дәрігер бұйрығын орындаушы ғана емес, ойшыл, үнемі ізденісте жүретін шығармашыл тұлға деп қараған жөн. Осы ретте Балнұр өз қызметіне адал және халыққа қолынан келгенше көмек беріп жүр.
 

 

Тағы да оқыңыз: