Kyzylorda-news.kz  Облыс әкімінің орынбасары Нұриддин Аманқұлұлы өңірдегі өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен, өндіріс барысымен және даму жоспарларымен танысты.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары «Най-Мир» серіктестігінің күріш өңдеу зауытына барды. Кәсіпорында күрішті автоматты тазалау, сұрыптау және фотосепарациялау технологиялары енгізілген. Зауыттың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 100–120 тонна күріш өңдеуге есептелген. Өнімдері еліміздің барлық өңірлеріне жеткізіліп, Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспортталуда.

Одан кейін «Алтын Орда» серіктестігінің тұз өндіру зауытында болды. Кәсіпорын «Ассоль» брендімен йодталған ас тұзы мен техникалық тұз өндіреді. Жаңа өндірістік желінің іске қосылуы нәтижесінде тәуліктік өндіріс көлемі 30 тоннаға дейін артқан. Өнімдері ішкі нарықпен қатар Ресей, Қытай, Қырғызстан, Эстония, Латвия, Литва және өзге де елдерге экспортталуда.

Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары «Абай-Дәулет» ЖШС-нің күріш өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Биыл кәсіпорында тәулігіне 120 тоннадан астам күрішті өңдеуге мүмкіндік беретін жаңа өндірістік желіні іске қосу жоспарланып отыр. Зауытта ақталған күріш пен күріш жармасы өндіріледі.

Тағы да оқыңыз: