Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы «Өңірді дамыту» және «Жастарды қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Аталған қоғамдық кеңестің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасындағы құрылысы жұмыстары, қоғамдық кеңес тарапынан берілген хаттамалық ұсыныстардың орындалуы туралы және «Жастарды қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамы таныстырылды.
Аталған қоғамдық кеңесті «Өңірді дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Бекжанов Әліби ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойына аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қайрат Жаппасбаев хабарлама жасады. Бөлім басшысы аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары оның ішінде сайлауалды бағдарлама қатысты атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталды.
Мәселен, Мырзабай ахун елді мекеніндегі 100 орындық клуб ғимараттарының жоба-сметалық құжаттары сараптамадан өтіп, құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржыландыру үшін Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Сондай-ақ, 2022 жылдың 11 айында 18 271 шаршы метрді құрайтын 123 үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда артығымен орындалған. Өткен жылмен салыстырғанда 133,9 пайызды құрайды.
Жастардың тұлғалық дамуы мен бос уақытын тиімді өткізуге байланысы берілген хаттамалық ұсыныстардың орындалуы туралы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржан Амандық хабарлама жасады. Мүмкіндігі шектеулі жастармен арнайы сауалнама жұмыстары жүргізіліп, қандай іске икемді және қызығушылығын анықтап арнайы шаралар жоспарын әзірледік. Осы жылы үстел теннисі және шахматттан спорттық сайыстар өткізілді.
«Жас Ұлан» топтарымен мектептерде тұрақы кездесулер өткізіп, түрлі тақырыптарда семинарлар сонымен қатар, жастар арасында қылмыстың алдын алу, зиянды заттардан бас тарту қажеттігі туралы бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Қолайсыз отбасындағы жастардың назарын аударып, көңіл күйін көтеру үшін мәдени және спорттық шараларға, киноларға тартып жатырмыз. Алдағы уақытта осы жастардың арасында санақ жұмыстарын жасап категория бойынша бөлініс жасап әр санаттағы жастарға арналған іс шара жоспарын әзірлеп жүмысты жандандыратын боламыз», – деді орталық директоры Нұржан Амандық.
«Жастарды қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Нарбота Серәлі жаңадан жасақталған кеңес құрамын таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ауданда волонтерлік қызмет көрсету бойынша «Jalyndy jas» еріктілер мектебінің жұмысы жыл санап өз маңыздылығын көрсетіп келеді. Оған дәлел бүгінгі күнге дейін еріктілер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамашыл топтарды және еріктілерді қолдауға арналған шағын гранттарын жеңіп алу арқылы аудан жастары 3 Coworking орталығы, 3 спорттық үйірме, 2 көшеге қоқыс жәшіктерін, ерекше балаларды қолдау бағытында 2 мекемеге материалдық демеушілік, ауылды көркейту үшін 2 ауылға жаңа жоба және 1 отбасыға баспана табыстады. 2022 жылды еріктілер 6 млн 135 мың теңге қаржыны құрайтын 16 жоба жеңіп алды.
Партияның сайлауалды бағдарламасың тармақтарында көрсетілген іс-шаралар бойынша хабарламашыларға кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныстар хаттамаға түсіріліп, тиісті жұмыстардың орындалуы кеңес мүшелері назарында болады.


