Kyzylorda-news.kz Өңірлік ғылыми кеңестің кезекті отырысында Қызылорда облысындағы ірі инвестициялық жобаларды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» ЖШС және «QazaqAgroProcessing» ЖШС өкілдері арасында меморандумға қол қойды. Келісім аясында тараптар студенттердің өндірістік тәжірибесін кәсіпорын базасында ұйымдастыруға, дуалды оқыту элементтерін енгізуге, жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жұмыстарды жүзеге асырады.
Бұл меморандум өңірдегі жоғары білім, ғылым және өндіріс арасындағы өзара байланысты нығайтып, Қызылорда облысында іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

