Kyzylorda-news.kz. Облыс бойынша сайлауға қатысатын 2997 мүгедектігі бар адам бар. Көру қабілеті төмен сайлаушылар үшін дауыс беру бюллетеньдерін толтыру ережесі көрсетілген аудиоматериалдар мен трафарет қойылған.
Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 34 инватакси қызмет етеді. Оның 13-і Қызылорда қаласында, қалғандары ауданда. Түскі уақытқа дейін аймақта инватакси қызметіне 30 азамат жүгінген. Оның басым бөлігі – ауылдық елді мекен тұрғындары.
Айта кету керек, сайлау күні облыс бойынша 42 онлайн сурдоаудармашылар ымдау тілі қызметтерін көрсетуде. Мұнан бөлек, бірінші топтағы жүріп тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарға 2000-нан аса жеке көмекші қызмет етуде. Еске салайық, өңірде 373 сайлау учаскесі және 486 002 сайлаушы бар.
