Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында жан-жақты қолдаудың, кәсіпкерлікті дамытуға арналған түрлі бағдарламалардың нәтижесінде аудан орталығымен қатар, кент, елді мекендерде де кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар саны артып, кәсіпкерлік нысандары да көбеюде. Мұның бірден-бір басты себебі қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалуында десек қателеспейміз. 

Осы ретте, бүгін Қармақшы ауданы әкімі Әділбек Ерсұлтанов қатысуымен Жосалы кенті орталығында жаңа «Адина» жеміс-жидек сауда үйі ашылып, өз жұмысын бастап кетті.

Салтанатты рәсімде сөз алған аудан әкімі жаңа сауда үйі тауар түрлерін қолжетімді бағамен қатар әрқашан тұрғындарға сапалы өнім ұсынып, тиімді қызмет көрсетуіне тілектестігін білдірді.

Бүгінде «Адина» сауда үйінің егесі, жеке кәсіпкер Нағима Тоқсанбаева өз қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар жеміс-жидектер дүкенін ашып отыр. Жаңа нысанда 5 жұмыс орындары ашылды. Осылайша, өңірде жұмыссыз азаматтардың да саны кеміп, халықтың әл-ауқаты жақсаруда. Сонымен қатар, кәсіпкер «Адина» киім-кешектер сауда үйін ашып, халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аудан бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4032 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 120,6 пайызды құрайды.

6.jpg

8.jpg

7.jpg

Тағы да оқыңыз: