Kyzylorda-news.kz Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Талсуат оңалту орталығында «Өнерлі қол – бақытқа жол» тақырыбында сайысы өткізілді.
Шараның мақсаты – қатысушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, шеберлік пен жылдамдықты ұштастыра отырып, аз уақытта жасап көрсету болды. Сайысқа 6 команда қатысты.
Сайыс негізінен 5 кезеңнен тұрды. І кезең «Өнер» сайысы, ІІ кезең «Қолөнер» сайысы, ІІІ кезең «Жүн түту» сайысы, ІV кезең «Аспаздық» сайыс, V кезең «Үй тапсырмасы» (дайын қөл өнер өзі жасап дайындап әкелу қажет) сайысы.
Қызыққа толы тартысты өткен сайыста Ахметова Жанар командасы I орын иемденсе, Мамбеталиева Азиза II орын иемдеді, Бисеналиева Күлканыс III орын иемденді.
Сайыс соңында Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Мукеев Азамат барлық қатысқан командаларға өз алғысын білдіре отырып, облыстық қоғамдық даму басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапаттады.