Kyzylorda-news.kz Сыр өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» науқаны бастау алған болатын.

Акция 5 кезең бойынша өтуде. Әр аптаға «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптық атаулары берілген.

28 сәуір - 4 мамыр аралығы “Өнегелі ұрпақ” апталығы болып белгіленген. Мақсаты – ардагерлерге құрмет көрсету, жалғызбасты қарттардың ауласын абаттандырып, тазалау жұмыстарын жүргізу.

Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аумағын жинау және абаттандыру шаралары өтті.

Шараға басқарма мен орталық қызметкерлерімен қатар қызмет алушылар да белсене атсалысты

Тағы да оқыңыз: