Kyzylorda-news.kz Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов «Гежуба Шиелі Цемент» зауытының жұмысымен танысып, зауыт директоры У Чен Хуамен тілдесті. Сондай-ақ, зауыт өндірісіне қатысты сауалдарын қойды.
Айта кетейік, цемент зауытында жылына 1 млн 100 мың тонна цемент өндіріледі. Сондай-ақ, зауыт 264 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Оның 226-і Қазақстан азаматы, 38-ы ҚХР азаматы, 85 пайыздан астамы жергілікті азаматтар.
Күні кеше ғана өткен «Қазақстанның үздік тауары - 2025» өңірлік көрме - байқауында Гежуба Шиелі Цемент» зауыты жеңімпаз атанды.
«Бұл жетістік – сапалы өнім, заманауи технология және үздіксіз еңбектің нақты нәтижесі. Жоғары кәсібилік, ұйымшыл ұжым және жауапкершілікпен атқарылған істің жарқын көрінісі», - деді мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов.
Осындай ірі жетістіктер – тек бір компанияның ғана емес, бүкіл Шиелі ауданының абыройы. Бұл жеңіс өңіріміздегі өндіріс саласының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.
«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» сияқты алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың табысы – ел экономикасының тұрақты дамуына және аймақтық өндірістің өрлеуіне зор үлес қосатыны анық.