Kyzylorda-news.kz. Қызылордада  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы активінің қорытынды басқосуы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысты.

Қатысушылар Достық үйінің фойесінде әзірленген «Анамның бейнесі» тақырыбында фото байқау суреттерінің көрмесімен танысты.

Актив отырысы басталмас бұрын қатысушылар Алматы маңында ұшақ апатынан орын алған қайғылы оқиғаға ортақтасып, 1 минут үнсіздік жариялады.
Активте облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Бегалықызы жыл бойы атқарылған іс-шараларды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Басқосу аясында облыстық «Славяне» қоғамдық-мəдени орталығының жетекшісі Галина Щербакова, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Бақыткүл Мұсаева, Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Айтжан Оразбақов, облыстық ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі, Қызылорда қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Нұркен Әбдіжәлиев, «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Светлана Крюгер сөз сөйлеп, пікір алмасты.

Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов сөз алып, мерейтой жылындағы ауқымды жұмыстарға сәттілік тіледі.

Активте бірлік пен татулықты берік етіп, рухани жаңғыру жолында аянбай еңбек еткен жандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының марапаттары берілді.

Облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен этномәдени бірлестіктермен облыстық ассамблея құрылымдарының белсенді мүшелері марапатталды.

Басқосу соңында «Анамның бейнесі» тақырыбындағы фото байқаудың жеңімпаздары анықталып, үздік фото иелеріне жүлделі орындар табысталды.

Тағы да оқыңыз: