Облыстық мәслихат хатшысы Қазалы ауданында болды – Kyzylorda News
Басты бет

Облыстық мәслихат хатшысы Қазалы ауданында болды

18.10.2021, 9:40

560 0

Kyzylorda-news.kz. Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып шықты.

Наурызбай Сейітқалиұлы бірге алдымен Әйтеке би кентінде абаттандырылып жатқан аумаққа арнайы барып, сала басшыларымен бірге кездесті. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев алдағы уақытта бұл жерде Жалаңтөс батырдың еңселі ескерткіші бой көтеретінін жеткізді.

Облыстық мәслихат хатшысы аялдаған келесі нысан аудан орталығынан салынып жатқан 600 орындық мәдениет үйі болды. Аудан ажарын айшықтай түсетін еңселі ғимараттың құрылысы облыстық құрылыс басқармасы арқылы салынуда. Мәдени нысан жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Мұнан соң Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия мен Достық көшесінде салынып жатқан 250 мектеп құрылысымен танысты.

Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияға өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы күрделі жөндеу жүргізілді. Ал, биыл «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы негізінде жаңа спорт зал салынды.

Ал, Достық көшесінің бойынан бұрынғы №170 мектептің орнынан жаңа білім ошағы бой көтеруді. Құрылыс жұмыстарын биыл бастап кету үшінарнайы қаржы бөлінді. Мектеп құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жастармен кездесті. Кездесудің алдында білім ордасының материалдық-техникалық базасымен танысып, «Жас маман» жобасы аясында алынған заманауи техникаларға өзінің оң бағасын берді.

Кездесуде Наурызбай Сейітқалиұлы «Сапалы білім, саналы тәрбие беру әрбір оқытушының алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр студенттің міндеті» деп, білім жастар – еліміздің болашағы екендігін жеткізді.

Өз кезегінде колледж студенттері жас ұрпаққа сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасаған барша азаматтарға алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Наурызбай Сейітқалиұлы мұнан соң ауданымыздың Қарақұм беткейіндегі «Майлыбай жалы» учаскесіне арнайы барып, мал шаруашылығымен айналысып отырған азаматтармен кездесті. Кездесуде биылғы қуаңшылықтың зардабы мен қысқы мал азығын дайындау шаралары сөз болды.

Наурызбай Сейітқалиұлының Қазалы ауданына сапары кезінде облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Мнажадин Өтеев және аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудандық мәслихат депутаттары Ғазиз Әліш, Нұрғиса Жалғасбаев бірге жүріп, аудандағы кейбір мәселелерге қатысты өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді.

0

Пікір қалдыру