Kyzylorda-news.kz. Облыстық ардагерлер Кеңесі аймағымыздағы ұлттық мүддені қалыптастыру мен саяси тұрақтылықты сақтау, қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуде зор үлес қосуда. Аймақта ардагерлер ұйымының беделін көтеруде қазыналы қариялардың белсенділігінің алатын орны ерекше екені белгілі.

Бүгін облыстық ардагерлер Кеңесінің ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» атты форум өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғ.Жаңабаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев және ардагерлер ұйымының белсенділері, қоғамдық ұйым басшылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов ұлттық құндылықты дәріптеуде, оның ішінде қариялардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өлшеусіз үлесін көрсетуде облыстық ардагерлер Кеңесінің атқаратын рөлі үлкен екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, биыл ардагерлер кеңесінің құрылғанына 35 жыл толуына орай барша ардагерлер қауымын құттықтады.

-Өздеріңіздей ел ағалары егемендігіміздің бастауында еліміздің, оның ішінде Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуына зор үлес қосып, халық пен билік арасын жалғаушы алтын көпірге айнала білдіңіздер. Бүгінгі күні облыста 77 мыңнан астам зейнеткерлікке шыққан қария бар. Оларды әлеуметтік қолдау шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Осы орайда, ардагерлер кеңесінің жұмысы аймағымызда жолға қойылғанын айтуымыз керек. Ел игілі үшін жасалаған барлық бастамаларға қолдау білдіріп, қоғамның бірлігін қамтамасыз етуде белсене атсалысып келеді, — деді облыс әкімінің орынбасары Н. Сақтағанов.

Аталмыш форумда облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, ҚР Президентінің кезектен тыс өтетін сайлауын қолдап, өңір халқын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Жиын соныңда еңбегі елеңген белсенді ардагерлер Республикалық ардагерлер ұйымының 35 жылдығына орай «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Айта кетейік, бүгінде облыстық ардагерлер ұйымының қатарында 77 мыңнан астам мүше және 701 бастауыш ардагерлер ұйымына біріккен.

Тағы да оқыңыз: