Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан оқу орындары арасында «Есірткіден аулақ бол!» тақырыбында билбордтар байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық мәселесін түсіндіру ақпаратты қолжетімді түрде ұсыну.
Финалдық байқауға сайысқа қатысушы оқу орындары 20 үздік билборд шығарды. Байқауға қатысушылар өз ойларын ортаға салуға шығармашылық көзқараспен қарап, нашақорлық проблемаларын билбордтары арқылы көрсете білді. Сонымен қатар, ең маңыздысы «ескерту» билбордтары үнемі оқушылардың, өтіп бара жатқан азаматтардың және жүргізушілердің назарында үнемі болып, тиісті әсерін беретіндігі анық.
Сайыс қорытындысы бойынша Қазалы ауданының №103 және 16 орта мектебі мен мектеп-лицейі, Жалағаш ауданының №202 орта мектебі және Сырдария ауданының №42 мектеп-лицейі үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.