Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласындағы М.Шоқай атындағы №187 IT мектеп-лицейінде 20 қараша – «Бүкіләлемдік балалар күні» аясында жоғарғы 8-11 сыныптың қыз балаларымен кездесу сағаты ұйымдастырылды. Кездесу сағатына облыстық жастар денсаулығы орталығы маманы А.Алтаева қатысты.

Жиын барысында оқушыларға жыныстық қолсұғушылыққа мәжбүрлеудің алдын алу, зорлық-зомбылық пен қыз балалардың ерік сезімге берілмеуін, қыз балалардың шылымға әуестенуі, оның адам ағзасына зор зиянын, әсіресе өкпеге зиянын, өтірік айтуға ұрлық жасауға болмайтындығын, әрбір теріс басқан қадам өмір бойы өкінішке әкелуі мүмкін екендігін түсіндірді.

Сонымен қатар қыз балалардың жеке бас гигиенасын сақтау керектігін, күнделікті дұрыс тамақтану, фасфудтарды пайдаланбау, майлы құрамында кетчубы бар тамақтарды пайдалану, энергетикалық сусындардың зияндылығын айта келе олардың құрамына түсінік берді.

Мектеп психологы Ж.Үдербек жыныстық жетілу шағына жеткенде қыз бала тазалықты сақтауға дағдылану керектігін, етеккір кезінде жұқпалы аурулардың, бактериялардың көбейетіндігін, сондықтанда күніне кем дегенде екі рет жуынып, таза жүру керектігін ескертті.

Мектептің ардагер ұстазы М.Абильдаева бұрынғы кездегі қыз бен жігіттің ара қатынасы мен қазіргі кездегі жастардың арасындағы достық қатынастың айырмашылығы бар екендігін, жеңіл жүрісті қыздардың ар намыстары тапталып, өміріне үлкен кері зардабын тигізетіндігін, сондықтан қыз бала қазаққа тән ибалы мінезі мен сыпайылық, және өз өзіне жауап бере алатын, өзін дұрыс ұстай алатын болуы керектігін, тәрбиелі қыз міндетті түрде әдемі болатындығына ақыл кеңестерін берді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Жапбасбаева қаладағы орын алып жатқан кейбір келеңсіз оқиғалар жайлы ескерте келіп, қыз баланың қоғамдағы өзіндік орнын, саналылықтарын жоғалтпау керектігін, ашық-шашық киінбей, жарасымды киініп, ұлттық құндылықтарды бойларында сақтай білу керектігіне тоқталды.
 

315734521_1828798920812872_2751366313667567942_n.jpg

Тағы да оқыңыз: