Kyzylorda-news.kz Аманкелді ауылында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ, Ж.Ембергенов, аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов және мәслихат депутаты Р.Каскиев, ауыл әкімі З.Жаманқұлов қатысты.

Кездесу барысында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов аймақ басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жобаларға кеңінен тоқталып, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымды жақсарту бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Тұрғындар ауылдың дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында қолға алынған бастамаларға ризашылық білдіріп, өздерінің көкейінде жүрген салық, ауыл көшелерін асфальттау, жарық желісі, аяқ су мәселелері төңірегіндегі ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Тағы да оқыңыз: