Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кентінде облыстық мәслихат депутаты Айда Абибулаева жергілікті азаматтардың қатысуымен жеке қабылдау өткізді. Негізінен, жеке қоғамдық  қабылдау «Amanat» партиясының Сырдария аудандық филиалында жүзеге асты. 

Өз кезегінде  халық қалаулысының жеке қоғамдық қабылдауына аудан тұрғындары арнайы келіп, өз мәселелерін жеткізді. Бұл ретте, көтерілген мәселелер қатарында  Тереңөзек кентіндегі А.Иманов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру,  Аманкелді және Шаған ауылдарының ауыз су жүйелерін жаңғырту, апаттық үйлерде тұратын тұрғындарды үймен қамтамасыз ету және Тереңөзек кенті орталығындағы О.Мәлібаев көшесін жөндеу секілді маңызды дүниелер болды.

Сырдария ауданы берекесі тасыған, күріші ырысты аудан саналады. Қазіргі уақытта аталған ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл ретте, жоғарыда көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайды. Біз қашанда тұрғындардың талап-тілегін ескереміз. Және де,  маған айтылған мәселелерді мұқият тыңдап, жазып алып, жұмыс жасауға қабылдап алдым.  Алдағы уақытта заң шеңберінде қарастыратын боламын. Әрине, ауданның экономикалық әлеуетін саралай келе, жүйелі жұмыстар жүргізуге мүдделеміз. Ел Президенті айтқандай, халық үніне құлақ асатын боламыз, – деді облыстық мәслихат депутаты Айда Абибулаева.
 

Тағы да оқыңыз: