Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық қоғамдық кеңес мүшелері С.Нұртазаев, Е.Өмірсеріков және Қармақшы ауданық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдерінің басшыларымен қызметкерлері ауданға қарасты бірнеше ауылдық округінің іскер азаматтарымен, ауыл ақсақалдарымен кездесті.

Кездесудің мақсаты - халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайына және әлеуетіне талдау жасау. Талдау нәтижелерімен елді мекендерді дамыту бағытын айқындап, облыс әкіміне шешілу жолдарын нақты ақпаратпен ұсынатын болады.

Кездесу барысында «Жаңажол» ЖШС-ның, «Айман» ШҚ-ның және Төребай би ауылдық округінің жеке кәсіпкер Жұлдызай Достанованың шығарған өнімдерімен танысты.

Тағы да оқыңыз: