Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Ү. Түктібаев атындағы ауылда облыстық ауыл әйелдері форумы өтті. Дәстүрлі түрде өтетін облыстық деңгейдегі әйелдер басқосуына облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері және хатшысы, Қазалы ауданы әкімдігінің өкілдері мен барлық аудандардан бірқатар кәсіпкер, сан салада табысты қызмет етіп жүрген әйел-аналар, үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты. 

Еңбек адамының қоғамдағы рөлін насихаттау, ауыл әйелінің әлеуетін арттыру, әйел аналардың қоғамдағы орны мен рө­лін күшейту, отбасылық және ұлттық құндылықтарды дә­ріп­теу, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруды мақ­сат еткен жиын өңірдегі нәзікжандардың өзара тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік сыйлады. Форум жұмысы шараның сексиялық отырысымен жалғасып, "Әйел және қоғам", "Әйел және еңбек", "Дені сау бала — дені сау ұрпақ" тақырыптары тереңнен талданды. Еңбекші әйелдерді насихаттау, ана мен бала денсаулығы мәселелері көтеріліп, мазмұнды шараның маңызы арта түсті. 

Арнайы ұйымдастырылған жергілікті кәсіпкер әйелдердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары мен түрлі тамақ өнімдерінің жәрмеңкесі аудан әлеуетін арттырып, мерейін өсірді. "Егіздер ауылы"  атанған құтты ауыл құрметті қонақтарға ерекше қонақжайлық танытып, мерекелік марапат пен сый-сияпат ұсынды. Форум соңы жергілікті өнерпаздардың концертіне жалғасты. 

Айта кетейік, Форумды облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры және облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырды. 

401838378_313894554759155_208327169020011434_n.jpg

 

399615452_313895734759037_8254195248224878613_n.jpg

 

401819365_313895611425716_7206323692111064711_n.jpg

 

400122239_313895954759015_3061607824077494025_n.jpg

Тағы да оқыңыз: