Kyzylorda-news.kz. Облыс прокуроры Ризабек Ожаров түзеу мекемелерінің ахуалымен танысты.

Прокуратура органдарымен түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың құқықтарының бұзылмауын алдын алу және жаза өтеу жағдайларын жақсарту бағытында үнемі тиісті шаралар қабылдануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін бейнекамералармен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, облыс аумағындағы үш мекемедегі соқыр аймақтар толығымен жойылды.

Қазіргі уақытта осы үш мекемеге 1300-ден астам бейнекамералар орнатылып, олар прокуратура органдарынан тікелей бақыланады.

Сотты болғандардың арыз-шағымдарын жолдауда кедергілерді болдырмау үшін мекемелерге барлығы 11 терминал орнатылған.

Облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы жұмыс сапары аясында облыстың түзеу мекемелеріне барып, сотталғандарды ұстау тәртібімен және шарттарымен, сондай-ақ медициналық бөлімге, кітапханаға, мекеме клубына, асханаға барып, сотталғандардың тамақтану сапасымен танысты.

Сапар барысында облыс прокуроры сотталғандармен әңгімелесіп, жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

424898425_733710802197119_4002047043751862550_n.jpg424890089_733710182197181_1960301803701710278_n.jpg425000640_733710965530436_1834911297909321943_n.jpg425380275_733710282197171_7523715471174704065_n.jpg

Тағы да оқыңыз: