Kyzylorda-news.kz Қазір кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет қолдауы жетерлік. Бұл бағытта облыс әкімінің алға қойған мақсат-талаптары да жүйелі жұмыс жүргізудің белсенді қадамын қалыптастырды. Соның бір дәлелі, бүгінде қала кәсіпкерлерінің саны 36 мыңнан асып, ондағы жұмыспен қамтылғандар саны 63 мың адамға жетті.

Өткен жылы экономиканың барлық саласында 25 385 азамат жаңа жұмыс орындарымен қамтылды. Оның 13 773-і тұрақты жұмысқа орналасты.

