Kyzylorda-news.kz Іс-шара барысында өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар атқарылып, барлығы 1258 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда:
- Тегіс ұңғылы атыс қаруына қатысты 6 дерек тіркелді;
- Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарудың (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) 15 дерегі анықталды;
- Көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік жүргізуінің (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі) 7 дерегі тіркелді;
- Ұсақ бұзақылықтың (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы) 9 дерегі анықталды;
- Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) 75 дерегі тіркелді;
- Қоғамдық тамақтану орындарында кальян (қорқор) бұйымын пайдаланудың (ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы) 6 дерегі қала аумағында анықталды;
- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы) 78 дерегі тіркелді.
Жедел профилактикалық іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Іс-шара алдағы уақытта да жалғасатын болады.

