Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен облыстық ардагерлер кеңесі аймақтағы 50 ардагерді Ұлытау өңірінің тарихи орындарымен танысып, зиярат жасауына мүмкіндік жасап, сапар ұйымдастырды.

Сапар барысында «Қазақмыс» корпорациясы музейінің директоры К.Балкенов өлке тарихы жөнінде әсерлі әңгімелерін айтты. Ардагерлер Алтын шоқы, Хан ордасы, Алашахан, Жошыхан тарихи орындарында болып, кесенелеріне зиярат жасады.

Алғашқы күннен бастап Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы аймақ ардагерлерін қабылдап, кешкі ас беріп, өзінің сый-сияпатые жасады. Сондай-ақ, тарихи орындарға баруға әкімшілік тарапынан арнайы автокөліктер ұйымдастырылып, Сыр елі ардагерлеріне жағдай жасап, үлкен қолдау көрсетті.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, ақын Қаршыға Есімсейітова, қоғам қайраткері Ә.Әмірғалиев, мемлекет және қоғам қайраткері Б.Қаюпов, жазушы Ж.Таңрықбаев сөз сөйлеп, Ұлытау облысының әкімдігіне алғыс білдірді.

Қызылорда облыстық филармониясының жыршы-термешісі Ә.Қуанбаев, облыстық аурухана мейіргері Л.Донбаева ардагерлердің ұзақ сапар барысында өз қызметтерін көрсетіп, олардың батасын алды. 

Саяхатқа барған ардагерлер маңызды тарихи мағлұматтар алып, көңіл-күйлері көтеріліп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

71719604-606d-4263-b051-75c08ad5496b.jpg

Тағы да оқыңыз: