Kyzylorda-news.kz.2020 жылғы 15 шілдеде сағат 09.00-16.00 аралығында Қызылорда облысының әкімі Г.Н. Әбдіқалықованың қатысуымен интернет-конференция өтеді.

«Шағын және орта кәсіпкерлік саласының тоқыраудан кейін жандану барысы туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді.
Онлайн режимде өтетін конференция барысында облыс әкіміне тақырып аясында қоятын сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды https://dialog.egov.kz/ сілтемесі арқылы жолдауға болатындығын хабарлаймыз.

Сонымен қатар, сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдау үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет екендігін ескертеміз.

Тағы да оқыңыз: