Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімінің орынбасaры Балмейір Сансызбайұлы жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына барып, Жалағаш ауданында биылғы жылы жүзеге асырылатын жобалармен танысты.
Облыс әкімінің орынбасарына 2023 жылы Жалағаш кентіндегі жалпы құны 643,6 млн. теңгені құрайтын М.Шәменов, І.Нұркенов, И.Панфилов, Мысық би, А.Бектібаев көшелері күрделі жөндеуден өткізіліп, ПМК-09 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігі және қосымша 7 көшені күрделі жөндеуге жоба сметалық құжаттар дайындалғандығы баяндалды.
Сонымен қатар, іс-сапар барысында аудандық маңызы бар Жаңадария бағытындағы автожолды орташа жөндеу жұмыстары да таныстырылды. Жоба құны - 392 миллион теңге. Жоба өтпелі. Орташа жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған. Мердігер мекеме: «Ақтоған» ЖШС.
Қазіргі таңда Жаңадария бағытындағы автожолдың 10-шақырымы жөнделуде. 17 шақырымдық автожол құрылысы мамыр айында аяқталады. Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы Жалағаш ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Айта кетейік, Жалағаш ауданы бойынша картоп бақша дақылдарын орналастыруға 500 гектар жер дайындалған. Маусымдық кезеңге әр отбасыға уақытша жер беріледі. Жер алуға өтінішті Жалағаш кенті және ауылдық округ әкімі аппараттарында беруге болады.