Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданында жазғы маусымда балалардың демалысын ұтымды ұйымдастыру үшін аудан орталығындағы «Жалын» тынығу лагері 1 маусымда өз жұмысын бастаған болатын. Айта кетейік, лагерде 6 ауысымда 691 бала тынығатын болады. Осы ретте бүгін облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов ауданға жұмыс сапарымен келіп, «Жалын» сауықтыру лагеріне барды. Тынығу маусымында балалардың қауіпсіздігіне мән беріп, лагерьдегі ғимараттарды аралап көрді.

Облыс әкімінің орынбасары ең алдымен жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігіне мән беру керектігін мәлімдеді. Тынығушыларға қауіпсіздік шараларын түсіндіру керектігін, лагерьде уақыттарын тиімді ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті. Түрлі іс-шаралар өткізуде сақтық шараларын сақтауды және асханада сапалы тағамдармен қамтамасыз етуді ескертті.

Дарияр Еренғалиұлы аудан әкімдігі, аудандық білім, полиция бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларына байланысты бірқатар тапсырмалар берді. Баланың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды екенін ұмытпаған абзал.

Тағы да оқыңыз: