Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев қалада орналасқан өндіріс орындарының жұмыс барысымен танысты.

Алдымен, «Қызылорда Нан» серіктестігі қолға алған, нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешенінің құрылысымен танысты. 

Жоба Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген. 

Жоба 3 кезеңнен тұрады:

  • І кезеңде: нан – тоқаш,  кондитерлік және макарон өнімдерін өндіріледі, 
  • ІІ кезеңде – ұн тарту комбинатын салу, 
  • ІІІ кезеңде: өсімдік майы өндіріледі. 

Инвестициялардың жалпы көлемі - 3,8 млрд. теңге. Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 5 гектар жер телімі бөлінді.

Әрі қарай, «Панабек» серіктестігі 2003 жылдан бері жиһаз өнімдерін (кеңсе, асхана, мектеп және т.б.) шығарумен айналысады. Кәсіпорын 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Сонымен қатар, серіктестік кеңейту үшін қаладан ауданы 2,7 мың шаршы метр жер телімін сатып алды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталып ішкі және абаттандыру жұмыстары қалды.

Кәсіпкерлік нысандарды аралау 2.jpg

Тағы да оқыңыз: